Жеке клиенттерге
Бизнес үшін
Банк туралы
FAQ

Жаңалықтар

07/03/2023

Standard & Poor's Freedom Bank рейтингін В деңгейіне дейін көтерді

Халықаралық рейтингтік агенттігі Standard & Poor's «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (бұдан әрі ‒ Freedom Bank) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-» деңгейден «B» деңгейіне дейін көтерді және «B» деңгейінде қысқа мерзімді кредиттік рейтингті растады. Болжам – тұрақты. Сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzBB» - дан «kzBB+» деңгейіне дейін көтерілді.

S&P сарапшылары несиелендірудің қарқынды өсуі және облигациялар портфелінің ұлғаюы нәтижесінде банктің RAC (тәуекелді ескере отырып түзетілген капитал коэффициенті) 4,75-5,25% құрайтынын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, санкцияларға байланысты Freedom Holding Corp үшін тәуекелдер ресейлік еншілес компанияларды сатқаннан кейін төмендеді. Сонымен бірге холдинг тоғыз ай ішінде капитал рентабельділігі 30% - дан астам деңгейде жоғары табыстылықты сақтай алды.

Банктің рейтингі бойынша «Тұрақты» болжамы Standard & Poor’s алдағы 12-18 айда Freedom Holding Corp активтерді сатып алу барысында кем дегенде барабар капиталдандыру көрсеткіштерін сақтай отырып, пайда табудың жоғары қабілетін сақтайды деген үміттерін көрсетеді.

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіретін «Фридом Финанс» АҚ компаниясына тиесілі. Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market, Қазақстан қор биржасында, Санкт-Петербург және Украина биржаларында саудаланады.