Жаңалықтар

17/03/2020

​Құрметті клиенттер!

Банк Kassa Nova төтенше жағдай режиміне түсіністікпен қарайды, және қызметі ТЖ енгізілуіне байланысты ресми тәртіпте тоқтатылған клиенттерге дербес тәртіпте төлемдердің мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар екендігін хабарлайды. Төлемдерді ұзартуды ресми қарау үшін Сізге «Төлемді ұзартуды ұсыну туралы өтінім» нысанын толтырып, оны Банктің электрондық мекенжайына жөнелту қажет.

Барлық қажетті материалдар https://kassanova.kz/ru/contacts сілтемесінде.

Сонымен қатар кредитті өтеуді тек банктің бөлімшелерінде ғана емес, «КАССА 24» терминалдарында жүргізуге болатындығын ескертеміз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Біз #Birgemiz!